Биыл Алматы облысының жастары үшін 10-нан аса жаңа жоба іске қосылады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Бұл бастамаларды облыстық жастар ресурстық орталығы директоры өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте таныстырды. Олардың барлығы да бұрын-соңды өңір аумағында жүзеге аспаған тың жобалар екенін атап өтті. Аталған идеяларды іске асыру үшін бюджеттен 6 млн тг астам қаражат қарастырылыпты.
«Алда өңір аумағында волонтерлер, дебат және аниме клубы құрылады. «Сенім желісі» іске қосылып, «Үлгілі отбасы», «Жүректен жүрекке», «Заманауи би» байқаулары, «Студенттік көктем», «Alatau Style» фестивальдері, «Alatau Cup» жайдарман ойыны сынды шарлар өтеді. Мұнымен қоса, жастардың мемлекеттік бағдарламамен баспаналы болуына көмектесеміз», – деді өз сөзінде Мақсат Кенешев. Жалпы, бағдарламалар мақсаты – азаматтардың бос уақытын тиімді пайдалану, шығармашылығын дамыту және әлеуметтік жағдайын жақсарту екенін тілге тиек етті.