No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек-дерек

«Талдықорған» индустриялық аймағында 9 кәсіпорын жұмыс істейді

2007 жылдың 10 қыркүйегі қазіргі Жетісу облысының орталығында «Талдықорған» индустриялық аймағы құрылған болатын.

08.07.2022
Керек-дерек
14
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жалпы ауданы 594,9 га алып жатқан, үлкен өндіріс ошақтары орын тепткен бұл маң қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.

Индустриялық аймақта  шағын станция орнатылған электр беру және жарықтандыру желілері, автомобиль жолдары, арық желілері, сыртқы байланыс, сумен жабдықтау және кәріз желілері, кірме теміржолдар тартылған.

Аталмыш бөлікті басқаруды Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылатын «Алматы облысының индустриялық аймақтарын басқарушы компаниясы» ЖШС жүзеге асырады.

Жалпы, индустриялық аймақ аумағында 9 кәсіпорын жұмыс істейді:

  • «Жетісу Май» ЖШС өсімдік майын рафинадтау және құю зауыты;
  •  «Аманат-Қазына» ЖШС синтетикалық жуғыш заттарды өндіру цехы;
  •  «агрокешен Жетісу Мажико» ЖШС майлы дақылдарды қайта өңдеу зауыты;
  • «HALYQ ASTYQ EXPO» ЖШС құрама жем өндіру цехы;
  •  «BARS TECHNOLOGIES» ЖШС бетон өндіру зауыты;
  •  мұнай базасы – «Қара Май»ЖШС;
  •  мұнай өнімдерін (газ, ЖЖМ) сақтау, сату және құю жөніндегі кәсіпорын “ГазСпецСнабЮг”ЖШС;
  •  «ST BEST» ЖШС базальт плиталарын өндіру зауыты (СТ Бест);
  •  «Талдықорғанжолдары» ЖШС асфальт өндіру зауыты.

Айта кетейік, 2022-2023 жылдары  өңірлік үйлестіру кеңесімен мақұлданған, 242 жұмыс орнын құрумен, жалпы инвестициялар сомасы 16,8 млрд. теңгеге 5 жаңа жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар:

  • «AmanatLogisticKZ» ЖШС (Аманат Логистик КЗ) қуаттылығы 30 мың тонна астық сақтауға арналған астық қоймасын салу жөніндегі жоба;
  •  «Jetysu ceramic» ЖШС керамикалық қаптау, қатардағы кірпіш және блоктар өндіру зауытын салу;
  •  «BARS TECHNOLOGIES» ЖШС газоблоктар шығаратын зауыт салу;
  •  «ТК газоблок» ЖШС автоклавты газоблоктарды өндіру бойынша кешен құрылысы;
  •  «Жетісу Экспорт» ЖШС элеватор құрылысы.

Сондай-ақ, жеке меншіктегі жер учаскесінде «ASMA Industrial» ЖШС стационарлық аккумулятор батареялары зауытын салу бойынша жоба іске асырылуда.

 

 

Байланысты Материалдар

Көлік жүргізушілер назарына!

06.05.2024

Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті

18.04.2024

Регистрация рождения ребёнка: что нужно знать

20.03.2024

Баланың тууын тіркеуде нені білу қажет?

20.03.2024

Неге жас журналисттердің IT сферасына бет бұрғаны жөн?

12.03.2024

Қант диабетінің симптомдары

08.03.2024

Ұсынылатын материалдар

Қызылордалық 9 кәсіпкер «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысады

05.10.2022

37 млн теңгеден астам залал келтірген Алматы облысы көлік басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары ұсталды

25.07.2023

Елімізде пәтердің бағасы түсуде

05.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа