Канада мемлекеттік қызметшілерге TikTok-ты пайдалануға тыйым салды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Канада билігі мұндай шешім шығаруға аталған әлеуметтік желінің мемлекеттік қызметкерлер гаджеттерінің құпиялылығы мен қауіпсіздігін қорғау деңгейінің төмендігімен байланыстырып отыр.
Кейбір америкалық және еуропалық заң шығарушылар мен шенеуніктер Бейжің TikTok-ты өз пайдаланушылары туралы деректер беруге мәжбүрлеуі немесе адамдар көріп отырған бейнелерге әсер етуі мүмкін деп алаңдаушылық білдіруде.
Өткен аптада Еуропалық комиссия өз қызметкерлеріне TikTok-ты жұмыс құрылғыларында пайдалануға тыйым салды.