Қарағанды тұрғынынан акциздік маркалары жоқ жарты миллионға жуық қорап темекі табылды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Агенттіктің облыстық департаментінің қызметкерлері көлеңкелі экономика саласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның барысында қала тұрғынының заңсыз кәсіпкерлік қызметі әшкереленді.
Қоймаларды тінту кезінде жалпы сомасы 432 мыңнан астам қорапты құрайтын әртүрлі маркалы және атаудағы темекі өнімдері табылып, тәркіленді.
Мамандардың қорытындысына сәйкес, есепке алынбаған тәркіленген темекі өнімдерінің жалпы құны 280 миллион теңгеден асады.
Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Айта кетейік, өткен жылдың өзінде ғана Агенттік қабылдаған шаралар кешені көлеңкелі экономика деңгейін 19,7%-ға дейін төмендетуге оң әсер етті, бұл ретте болжамдық мән 21,5%-ды құрады.