No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек дерек

Қаржылық сауатты арттыруға арналған 7 кітап

Айлығын асырып, кәдесіне жаратқысы келген адамның қаржылық сауаты жоғары болуы тиіс, ал ол үшін білім көкжиегін кеңейту қажет. Назарларыңызға қажетті кітаптар тізмін ұсынамыз.

30.12.2022
Керек дерек, Жаңалықтар
2
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Вавилондағы ең бай адам” (The Richest Man in Babylon), Джордж Клейсон 

Бұл кітап 1926 жылы жазылған. Мұнда ежелгі Вавилондағы оқиғалар баяндалады. Сіз бұл кітапты оқыған соң кейінгі 8 мың жыл ішінде қаржы саласында ешқандай өзгеріс болмағанын түсінесіз. Яғни ол кезде де қарыз түбіртектері, құмар ойындар, сауда, инвестиция және тағы басқа түсініктер болған, олар қазір де өзектілігін жоғалтпады. Ақша айналымы туралы заңдар да өзгеріссіз қалған.

“Бай әке, кедей әке” (Rich Dad, poor Dad), Роберт Кийосаки 

Көптеген адамның қатесі – қанша тапса, сонша жаратады. Олардың өмірін ақша басқарады. Бұл кітап та қаржы сауатының негізін үйретеді. Ондағы негізгі түйін – қаржыны табыс алып келетін активтерге салу. 27 миллион данасы сатылған бұл кітапты автобиография деуге негіз бар. Себебі онда Роберт Кийосакидің басынан өткен оқиғалар баяндалады. Сонымен бірге кітапта қаржы мәселесі, жетістікке жету жолдары, ақша үнемдеу тәсілдері қамтылған.

«Қаржы еркіндігіне жол» (The Path to Financial Freedom), Бодо Шефер 

Бодо Шефер – табыс психологиясын жақсы түсіндіретін бизнес-жаттықтырушы. Оның пікірінше, бай кедейден банктегі шотымен ғана емес, ойлау қабілетімен де ерекшеленеді. «Қаржы еркіндігіне жол» кітабынан психологиядағы қай типке жататыныңызды біліп, сыни ойлауды үйренуге болады. Сонымен бірге депозитте ақша жинауды, акционерлік қорлар, акциялар ойыны арқылы әл-ауқатты қалай көтеруге болатыны жазылған.

«Ойлан да, байы» (Think and get rich), Наполеон Хилл 

Кітап ХХ ғасырдың басында жарық көрді және 40 рет қайта басылды, қазір бестселлер саналады. Кітапта автор табысты адамдардың психологиясын зерттеп, қорытындысын жинақтаған. Наполеон Хиллдің басты тұжырымы: байлық деген – үлкен еңбек, үнемі өзіңмен жұмыс жасау, идея іздеу және әрекет ету. Кітапта өзіне, идеясына сенетін әйгілі миллионер адамдардың әңгімесі жинақталған. Кітап шабыттандырады, ойлауға және бай болуға үйретеді. Сонымен бірге адамды табысты болуға итермелейтін қарапайым тәсілдер ұсынған.

«Ақша ағынының квадранты» (The Cashflow Quadrant), Роберт Кийосаки, Шэрон Лектер

Авторлар әлемдегі капиталды бөлудің құпияларын ашады. Сонымен бірге кітаптан кәсіпкердің жалдамалы қызметкерден ерекшелігін, кей инвесторлардың қалай шығынға ұшырайтынын, ал кейбірінің үлкен тәуекелдер жасамай-ақ қалай тез байитынын түсінуге болады. Кітапта үнемі өзгеріп отыратын қаржы саласында адаспауға көмектесетін кеңестерді біле аласыз.

«Инвестициялық жауап: Қаржыны басқаруды үйрен және болашағыңды қорға» (The Investment Answer: Learn to Manage Your Money & Protect Your Financial Future), Гордон Мюррей, Даниэль Голди

Өте қысқа да нұсқа жазылған кітап. Мұнда қаржыны тиімді жинау, одан жақсы табыс табу жолдары көрсетілген. Акция мен облигация туралы кеңінен ақпарат беріп, тиімді тұсы мен қаупін жазған. Сонымен бірге онда “Инвестиция салуды өзім үйренгенім жөн бе, әлде маман көмегіне жүгінген дұрыс па?” деген сұраққа нақ жауап береді.

«Отбасы байлығы. Отбасында адами, интеллектуал және қаржы капиталын қалай сақтауға болады?» (The wealth of the family. How to keep human, intellectual and financial capital in the family?), Джеймс Хьюз

Джеймс Хью отбасы мен ондағы негізгі капиталдарды басқарудың басты қағидаларын көрсетеді. Сонымен бірге отбасы капиталын қалай өсіруге болатыны туралы кеңестер береді. Бұл кітапты оқыған соң, іскерлік қарым-қатынастарды, отбасылық бизнесті дамытуды басқа қырынан оқып, көзқарас қалыптастырасыз. Жанұялы адамдарға оқып шығуға кеңес береміз.

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Астық жинау науқаны басталғаннан бері 6,1 миллион гектар бидай жиналды

01.09.2022

Жалған ақшаны қалай ажыратуға болады?

11.01.2023

Кәсіпкерлерге электронды мемлекеттік қызметтің пайдасы бар ма?

12.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа