Отбасы банк пен BI Group бастапқы жарнасы 30%-дан басталатын жаңа ипотеканы таныстырды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Отбасы банк және BI Group холдингі қазақстандықтарға “Кереге ипотека” атты жаңа бағдарламаны таныстырды. Бағдарлама аясында қазақстандықтар BI Group компаниясы салып жатқан тұрғын үй кешендерінен 30% жарнасын төлеп, үйді ипотекаға ала алады.
Ипотека жылдық 7% мөлшерлемемен 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Қарызға берілетін ең жоғары сома – 100 миллион теңге дейін.
Айтылған ипотекаға өтінім беру үшін Отбасы банкіде көпжылдық жинақтардың болуы міндетті емес. Жаңа шот ашқаннан кейін 30 пайыздық жарнаны бір мезгілде аударып, ипотеканы рәсімдеуге болады. Ипотекаға сатып алынатын мүлік кепіл болады.
– Біз Отбасы банкімен бірге тұрғын үйді қолжетімді етуге көмектесіп жатқанымызға қуаныштымыз. Жаңа “Кереге ипотека” бағдарламасы іске қосылған кезде үй сатып алу 30 пайыздық бастапқы жарнамен және қосымша кепілсіз қол жетімді болады. BI Group 27 тұрғын үй кешенінде 1200-ден астам пәтер ұсынуға дайын. Біз “Кереге ипотека” қазақстандықтар арасында сұранысқа ие болады деп сенеміз, өйткені оның көптеген артықшылықтары бар, – деп атап өтті BI Group қаржылық технологияларды дамыту жөніндегі басшысы Нұрлан Оңғарбаев.
Айта кеткен жөн, BI Group құрылыс холдингі “Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы” Заңның нормаларын орындай отырып, жергілікті атқарушы органдарынан үлескерлердің (дольщик) ақшасын алуға рұқсаты бар.
Ипотеканы ресімдеу мәселелері бойынша кеңес алу үшін BI Group-тың сату бөлімдеріне, ал жылжымайтын мүлікті сатып алу мәселелері бойынша 360 (BI Group), 300 (Отбасы Банкі) нөмірлеріне бойынша жүгінуге болады. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.