No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек дерек

Қазақстанда жарнасы 30%-дан басталатын жаңа ипотека алуға болады

10.03.2023
Керек дерек, Жаңалықтар
72
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Отбасы банк пен BI Group бастапқы жарнасы 30%-дан басталатын жаңа ипотеканы таныстырды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Отбасы банк және BI Group холдингі қазақстандықтарға «Кереге ипотека» атты жаңа бағдарламаны таныстырды. Бағдарлама аясында қазақстандықтар BI Group компаниясы салып жатқан тұрғын үй кешендерінен 30% жарнасын төлеп, үйді ипотекаға ала алады.

Ипотека жылдық 7% мөлшерлемемен 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Қарызға берілетін ең жоғары сома — 100 миллион теңге дейін.

Айтылған ипотекаға өтінім беру үшін Отбасы банкіде көпжылдық жинақтардың болуы міндетті емес. Жаңа шот ашқаннан кейін 30 пайыздық жарнаны бір мезгілде аударып, ипотеканы рәсімдеуге болады. Ипотекаға сатып алынатын мүлік кепіл болады.

— Біз Отбасы банкімен бірге тұрғын үйді қолжетімді етуге көмектесіп жатқанымызға қуаныштымыз. Жаңа «Кереге ипотека» бағдарламасы іске қосылған кезде үй сатып алу 30 пайыздық бастапқы жарнамен және қосымша кепілсіз қол жетімді болады. BI Group 27 тұрғын үй кешенінде 1200-ден астам пәтер ұсынуға дайын. Біз «Кереге ипотека» қазақстандықтар арасында сұранысқа ие болады деп сенеміз, өйткені оның көптеген артықшылықтары бар, — деп атап өтті BI Group қаржылық технологияларды дамыту жөніндегі басшысы Нұрлан Оңғарбаев.

Айта кеткен жөн, BI Group құрылыс холдингі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның нормаларын орындай отырып, жергілікті атқарушы органдарынан үлескерлердің (дольщик) ақшасын алуға рұқсаты бар.

Ипотеканы ресімдеу мәселелері бойынша кеңес алу үшін BI Group-тың сату бөлімдеріне, ал жылжымайтын мүлікті сатып алу мәселелері бойынша 360 (BI Group), 300 (Отбасы Банкі) нөмірлеріне бойынша жүгінуге болады. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

 

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

5-6 қарашаға арналған ақша бағамы қандай?

04.11.2022

ҚР АШМ мен «Wintersteiger AG» компаниясы өзара тиімді ынтымақтастық туралы уағдаласты

11.12.2022

Мәжіліс депутаты: Мақталы өңірде бірде-бір тоқыма фабрикасы жоқ

26.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа