Биыл “Алматы жастары” бағдарламасы аясында 1100 несие беріледі, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Биыл “Алматы жастары” бағдарламасы аясында берілетін несие саны артады. Дегенмен бір несиенің ең жоғары мөлшері 18 миллион теңге болып қала береді.
Айта кеткен жөн, “Алматы жастары” бағдарламасы бойынша білім, денсаулық сақтау, мәдениет, БАҚ, спорт, ғылыми-зерттеу институттары, құқық қорғау органдары сияқты 7 салада еңбек етіп жүрген 35 жасқа дейінгі жастарға несие беріледі.
«Қазір әкімдіктің мақұлдауын күтіп отырмыз. Бағдарламаның басталғанын кейін хабарлаймыз. Біз 1100 азаматқа несие беруді жоспарлап отырмыз. Бағдарлама шарттарына келсек, бастапқы жарна – 10 пайыз, мөлшерлеме – 5 пайыз, несие сомасы былтырғыдай 18 млн теңге болуы мүмкін», – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Отбасы банк» АҚ Алматы филиалының директоры Данагүл Түсіпова.