Бизнесмен Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Оған қоса, мүлкі тәркіленеді. Серіктестері Наханов пен Жанұзақ та әрқайсысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін прокурор осындай жаза тағайындауды сұраған болатын.
▫Олигарх серіктестерімен бірге сұйылтылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінген еді.
Қайрат Боранбаев – қазақстандық кәсіпкер, Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы. Оның қызы Әлима Айсұлтанға тұрмысқа шыққан болатын. Айсұлтан 2020 жылы тамыз айында қайтыс болды.