No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай іздейді?

28.01.2023
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
3
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Интернет кеңістігінде қысқа мерзім ішінде жоғары табыс көзі туралы  және үміткерге саусақпен санаулы талаптар қоятын хабарландыруларды жиі кездестіруге болады. Абай болыңыз, мұндай бос жұмыс орындарының артында алаяқтар тұруы мүмкін.

Мұндай хабарландыруларда ақша аударымдары және қолма-қол ақшаға айналдыру, құжаттар ресімдемей, яғни ешқайда тіркелмей, толық «қашықтан» режиміндегі жұмыс ұсынылады. «Жұмыс берушілер» «бірнеше сағат ішінде жақсы табыс», «тексерулерсіз және құжаттар толтырмай жұмысқа орналасу», «жоғары табысқа кепілдік» деген сөздерді жиі пайдаланады.

Олар не жалақыны көрсетпейді, не болмаса бір-екі сағат жұмыс үшін көп ақша ұсынады. Алаяқтық бос жұмыс орындарында ізденушіге ақша аударуды жүзеге асыру және жұмыс берушімен онлайн іс-әрекетке түсуден басқа, не білімінің деңгейі, не жұмыс тәжірибесі бойынша қойылатын нақты кәсіби талаптар көрсетілмейді. Есіңізде болсын, жұмысқа қабылдайтын мұндай адамдарды дропперлер немесе дроптар деп атайды.

Дроппер немесе дроп – бұл алаяқтар ұрлаған ақша үшін өзінің банк картасын «транзиттік» картаға айналдыруға келісетін адам. Карточкасын үшінші тұлғалар пайдаланғанын білмеген ондай адам алаяқтық объектісіне айналуы мүмкін. Осылайша, дроп өзінің қылмыстық схемаға тартылғанын әрдайым түсіне бермейді, өйткені алаяқтар әдетте өз әрекеттерін «заңды бизнес» ретінде жасырады.

Дропты әр түрлі шоттар арасында заңсыз алынған ақшаны аудару үшін жалдайды. Бұл қылмыскерлерге іздерін жасыруға және тергеу жұмысын қиындатуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда алаяқтық аударымдар әр түрлі елдерде және әр түрлі адамдардың атынан жасалуы мүмкін. Дроппер өз жұмысы үшін қаскүнемдер оның көмегімен аударған ақшаның пайызын ала алады.

Онлайн-алаяқтықты тергеу кезінде тергеушілер бірінші кезекте дроптарға шығады. Әдетте, олар қылмыскерлердің сыбайлас қатысушыларына айналады және ҚР Қылмыстық Кодексінің «Алаяқтық» 190-бабына сәйкес бас бостандығынан айыруға дейін тиісті жаза алуы мүмкін.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Ай сайынғы шығынды қалай азайтуға болады?

14.01.2023

Қазақстанда сусындар өндірісі 111 пайыздан асты

17.01.2023

Онлайн-полис: үйден шықпай-ақ нені сақтандыруға болады?

23.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа