Алматы облысының прокуратурасы жазасын өтеп жатқан ер адамның интернет-алаяқтықпен айналысқанын анықтады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Ол екі жарым жыл бойы 25 миллион теңгеден астам сомаға 200-ге жуық алаяқтық жасаған.
Тергеу кезінде 2 ұялы телефон және 41 сим-карта тәркіленді. Ол WhatsApp арқылы қоңырау шалып, хат жазысып отырған.
Колония қызметкерлерінің әрекетсіздігін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тексереді.