Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Астана қаласындағы LRT құрылысын қайта қозғау үшін 50 миллиард теңге бөлінетінін хабарлады. Министр Марат Қарабаевтың сөзінше, бұл сома Астана әкімдігіне биыл сәуірде беріледі, деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Брифингте журналистер “Астанаға LRT керек пе?” деген сұрақ қойды.
“Жобаны іске асыру бойынша әртүрлі пікірлер мен көзқарастар бар. Ғылыми тұрғыдан алғанда, халқы 2 миллион немесе 1,5 миллионнан асатын қалада желілік қоғамдық көлік болуы керек. Ол жерасты немесе жерүсті көлігі болсын. Сондықтан менің жеке пікірім, болашақта мегаполисте мұндай көлік болуға тиіс. Ал біз 2030 жылға қарай елорда халқы 2 миллионға жетеді деп болжап отырмыз”, – деді Жеңіс Қасымбек БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.
Әкім жобаның құрылысын жалғастыруға биыл 50 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.
Жалпы, LRT-ге бүгінге дейін шамамен 600 млн доллар жұмсалды.