No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қытай компаниясы Алматы облысында құрлық портын салмақ

13.04.2023
Жаңалықтар
47
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысында шетел қоймалары бар логистикалық парк пен құрлық порты іске қосылуы мүмкін. Бұл тек логистикалық сектордың ғана емес, өңір бизнесінің де дамуына септігін тигізеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Бүгінде аталмыш жобаны жүк тасымалы бойынша әлемдегі №1 порт – Шаньдун порт корпорациясы (SPG) ұсынып отыр, оның делегациясы қазір Қазақстан инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің (ҚИЫА) шақыртуымен Алматыға келді. Бұған дейін тараптар бизнес конференция аясында SPG өкілдігін ашу туралы келісімге келген еді.

«Бізде ел мен өңірлер арасындағы өзара ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті бар.Батыста бүкіл әлемді порттар байланыстырады дейді. Біз теңіз порттарынан бөлек, құрлық порттары да өте маңызды рөл атқаратынын айтқымыз келеді. Елдеріміз арасында барынша қолайлы логистикалық дәліз жасасақ дейміз. Біздің топ логистика және сауда саласында жергілікті қазақстандық кәсіпорындармен ынтымақтастықты тереңдетуге бар күш-жігерін салуда. Мақсатымыз ортақ болса, міндетті түрде тығыз өзара ынтымақтастықты ілгерілетіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа үлес қоса алатынымызға сенімдіміз», – дейді SPG бас директоры Ли Фэнли.

Қазақстанның экономикалық саясаты аясында байланыстың, жүктерді жеткізудің жаңа баламалы бағыттарын енгізу және транзиттік тасымалды ұлғайту үшін бондтық қоймаларының үлгісін әзірлеу жоспарланған. Осылайша, SPG-мен ынтымақтастық құжатта көрсетілген міндеттерді жүзеге асырудың қосымша құралына айналмақ.

Өз кезегінде конференцияға қатысушылар Еуропа мен Ресей Федерациясынан Оңтүстік-Шығыс Азияға электромобильдер транзитін іске қосып, сондай-ақ SPG порттары арқылы қазақстандық астықты экспорттауды қарастырды.

Қазақстан инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің жетекшісі Айдын Байеділов Шаньдун порт корпорациясының басшылығы мен Қазақстанның мемлекеттік органдары, ұлттық тасымалдаушыларының өкілдерімен нәтижелі келіссөздер ұйымдастыру және оны жүргізу мүмкін болғанын сөз етті.

«SPG серіктесіміз ретінде ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін бар күш-жігерін салатынына сенемін және біз өз тарапымыздан бар жағдайды жасаймыз. Әлемдегі №1 порт тобынан smart инвестициялар күтеміз. Логистикалық тасымалдаудың тиімділігін арттыру үшін қытайлық және қазақстандық тараптардың инфрақұрылымы мен мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызын атап өткен жөн. Жүк 3 ай бойы қозғалыссыз тұрмауы және вагондар жартылай бос жүрмеуі керек. Бұл тақырыптың қазақстандық кәсіпкерлер үшін, әсіресе алматылық бизнес өкілдері үшін өте маңызы зор. Жергілікті бизнес әлемдік нарыққа, бірінші кезекте Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея нарықтарына экспорттау мүмкіндігіне ие болады. Ертең порт инфрақұрылымымен танысу үшін Маңғыстау облысына баруды жоспарлап отырмыз», – деді А.Байеділов.

Анықтама үшін:

Бүгінде Қытай – сауда саласындағы негізгі экономикалық және саяси серіктестердің бірі. 2022 жылы елдер арасындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 34,1%-ға артып, 24,1 млрд долларға жетті. Елдің жалпы тауар айналымында Қытайға отандық тауарлар экспортының үлесі 15%-ға жетті.

Shandong Port Group Co,. Ltd – Шаньдун провинциясының үкіметі құрған мемлекеттік кәсіпорын. Компания тобы бизнестің 12 сегментінде жұмыс істейді: кеме қатынасы, сауда, логистика, ғылыми-технологиялық өнертабыстар, жабдық өндірісі, шетелдік даму, инвестициялық басқару, порт құрылысы, қалалық және өнеркәсіптік интеграция, круиз, мәдениет және туризм, кәсіптік білім беру және денсаулық сақтау.

Сондай-ақ 21 ірі порт аймағы, 360-тан астам өндірістік айлақтары және 320-дан астам контейнерлік тасымалдау маршруттарына иелік етеді. 2022 жылы SPG жүк айналымы 1,62 миллиард тоннадан асып, контейнер көлемі 37,29 миллион TEU-ден асып, әлем бойынша бірінші және үшінші орынға табан тіреді

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

24.04.2023

Қытайдың өндірістік қызметі қысқарады, өйткені АҚШ тарифтері – Financial Times

01.05.2025

Қырғызстанда азаматтар енді анасының атын тегі ете алады

03.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа