No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

“44 адам эвакуацияланды”: БҚО-да өрт өршіп тұр

11.07.2023
Әлеумет, Жаңалықтар
8
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданында бірден төрт ауылдың маңында құрғақ шөп өртенді деп хабарлайды Kazbusiness.kz

Өрттің шығуына аймақтағы аптап ыстық пен екпінді жел себеп болғаны хабарланды. Теректі ауданы, Айтиево ауылының маңында дала шөбі өртенді. Өрт екі шаруашылық ғимаратты шарпыды, бірнеше адамды эвакуациялауға тура келді. Өрт қаупі әлі де сақталады. Облыста жел мен аптап ыстық жалғасуда.

“Өрт қайдан шыққанын белгісіз. Бақытымызға орай, күшімізді өрт шыққан аймаққа жұмылдырып үлгердік. Бір уақытта  Новопавловка, Социализм, Пойма және Айтиево ауылдарына қауіп төнді. Социализм, Пойма ауылдарының маңындағы өрт локализацияланды. Бірақ қатты желдің салдарынан қауіп әзірге сейілмей тұр”, – деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

Бүгін дала өртінің 41 дерегі тіркелген. Оның жиырмасы сөндірілген. Орал қаласында, Ақжайық, Теректі, Бөрлі, Казталов аудандарында және Бәйтерек ауданында 14 өрт ошағы бақылауға алынды. Теректі ауданында күрделі жағдай қалыптасып отыр.

Ал Әйтиев кентіндегі жағдай тұрақтанды Жану алаңы – 50 гектар. 26 гектар мемлекеттік орман қоры және 24 гектар құрғақ шөп, 2 шаруашылық ғимарат.

10 үйдің тұрғындарын қауіпсіз орындарға оқшаулау және эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. 44 адам қауіпсіз орындарға эвакуаланды, оның ішінде 16 бала бар.

Облыс әкімінің айтуынша, қазір өртті сөндіруге коммуналдық қызметтердің барлық техникасы жұмылдырылған, тіпті жеке ұйымдар да қосылған. Өрт сөндіру күштері Новопавловка, Пойма, Социализм және Айтыево ауылдарында орналасқаны хабарланды.

Басылымның жазуынша, бұған дейін облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Батыс Қазақстан облысындағы өртті сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрлігінен МИ-8 тікұшақтарын сұраған. Батыс Қазақстан облысында екпінді жел байқалып, 40 градус ыстық сақталады.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

«Талибан» Иранға соғыс жариялады – БАҚ

28.05.2023
фото: ашық дереккөз

Шымкентте Антикор басшысының бұрынғы орынбасарына аса ірі алаяқтық жасады деген айып тағылды

07.07.2023

Астанада рестобардың бірінде даяшы қонақтардан ақша ұрлап келген

28.07.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа