Алматы әкімінің орынбасары Асқар Амрин мегаполистің жер сілкініс ықтималдығы 10 баллға дейін баратын сейсмикалық қауіп аймағында орналасқанын хабарлады. Оның айтуынша, тектоникалық процестердің жандануы ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділік нормаларына әсер етеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
“Осыған байланысты жергілікті бюджеттен 15 мың азаматтық және қоғамдық ғимараттарды, 1600– ден астам көппәтерлі тұрғын үйлерді паспорттау жұмыстарын жүргізуге 2 млрд теңге бөлу жоспарлануда”, – деді ол сегізінші шақырылған Алматы мәслихатының сессиясына.