No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан қарттары БҰӨС индексі бойынша 17-орында

Зейнеткерлер жалпы халқы санының 11,6%-ын құрайды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

17.03.2023
Жаңалықтар
63
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ағымдағы жылы аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның бірінші отырысы өтті.

Отырыс барысында өткен жылы аға буын азаматтарының «Белсенді ұзақ өмір сүру» жағдайын жақсарту үшін істелген жұмыстардың қорытындысы жасалды және 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

«Әлемде халықтың демографиялық қартаю үрдісі байқалады, 65 және одан жоғары жастағы адамдар саны тұрақты өсуде. Елімізде жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша алдағы 30 жылда Қазақстанда аға буын тұлғаларының саны да артады деп болжануда. Ағымдағы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 300 мың адамды немесе ел халқының жалпы санының 11,6%  құрады», – деді БҰҰ-ның Қазақстандағы халық саны саласындағы қорының өкілі Ғазиза Молдақұлова.

Сондай-ақ жиын барысында 2025 жылға дейін белгіленген жоспарды іске асыру шеңберінде барлық өңірлерде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу көзделгені айтылды. 2023 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша республика көлемінде барлығы 63 орталық жұмыс істейді.

Айта кеткен жөн, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, әлемнің 31 елінде жүргізіліп жатқан белсенді ұзақ өмір сүру индексінде 2022 жылы Қазақстан 17-орынға ие болған.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Доллар шамамен 1 теңгеге арзандады

15.08.2022

Жетісу облысында бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өтті

26.09.2022

Лимузиндер бойынша көлік салығы қалай есептеледі?

17.06.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа