Сот Кәрім Мәсімовты 18 жылға бас бостандығынан айырып, оның мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды kazbusiness.kz Астана қалалық сотына сілтеме жасап.
ҰҚК бұрынғы төрағасының үш орынбасарына да үкім шықты. Садықұлов 16 жылға, Ерғожин 15 жылға, Өсіпов 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Іс сотта “аса құпия” белгісімен қаралды.