Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров бұрынғы министрлердің табысы мен дүние-мүлкін тексеру керек деген ұсыныс жасады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Оның сөзінше, парақорлықпен күресте министрлер мен әкімдердің таза әрі адал қызмет етуі маңызды.
«Бізде қай әкімнің қандай бизнесі бар екенін бүкіл Қазақстан біледі. Менің ойымша, сол бұрынғы министрлердің табысы мен мүлкін тексеру керек. Қазір заң шықты, егер мемлекеттік қызметкер дүние-мүлкін қалай тапқанын дәлелдей алмаса, онда оны мемлекетке қайтаруы тиіс. Осы бағытта жұмысты күшейту керек», – дейді ол.