10 мамырдан бастап Отбасы банкі “Ұмай” бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды бастайды, деп хабарлайды kazbusiness.kz inbusiness.kz сілтеме жасап.
Биыл гендерлік өнімді несиелендіруге 15,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражатты Азия даму банкі үшінші транш аясында бөліп отыр. Дәл онымен бірге “Отбасы банкі” бірлескен жоба – “Ұмай” бағдарламасын жүзеге асыруда.
“Ұмай” тұрғын үй бағдарламасына Қазақстанның 18 жастан асқан әйелдері қатыса алады. Географиялық шектеу жоқ, яғни пәтерді Қазақстанның кез-келген қаласынан несиеге рәсімдеуге рұқсат беріледі.
Атамыш жоба 2021 жылдан бері іске асырылып келеді.