Биыл Жеңіс күніне орай алматылық 56 ардагердің әрқайсысы 1,5 миллион теңгеден алып, тағы 13 мың ардагерге әлеуметтік жәрдемақы беріледі, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне және басқа мемлекет аумағындағы соғысқа қатысқандарға жеңілдікбойынша теңестірілген ардагерлерге 50 000 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі, ал олардың жалпы саны 13 мың адам.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Құрманғалиев атаулы мереке күні қаладағы әрбір майдангерді олардың отбасына барып, қала басшылығы жеке құттықтайтыны жөнінде қоса айтты.