Алматы көпқабатты тұрғын үй өртеніп, оның видеосы желіде тарады. Видеодан кейбір адамдардың жанып жатқан ғимараттың терезелерінен секіргенін көруге болады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
ТЖД хабарлауынша, Ақкент ықшам ауданы, 54 үйде өрт шықты.
16 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабаттағы пәтерлері ашық отқа оранған. Сондай-ақ 5 және 6-қабаттағы жеделсатының электр кабельдері өртенді.
Жоғары қабаттардағы адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстары жүргізілді. 250-ге жуық адам эвакуацияланды.
Қазіргі уақытта өрт сөндірілді.