Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 4 ай ішінде мемлекет қаржысын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктер туралы айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Министр мәліметінше, 2023 жылы қазірге дейін мемлекеттік бюджетке 6,1 трлн теңге, ал республикалық бюджетке 4 трлн теңге кіріс түскен.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары – 98,6 пайыз, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,0 пайыз, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,6 пайыз атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 7 трлн теңгеге шығыс жүргізілді. Атқарылмау – 72 млрд теңге, оның ішінде 16 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмеген сома – 55 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Мәдениет және спорт, Ақпарат және қоғамдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде қалыптасты, – деді Е.Жамаубаев.
Атқарылмаған сома – 336 млрд теңге. Оның негізгі себептерінің бірі – шартты ұзақ жасау, мемлекеттік сатып алу конкурсын ұзақ өткізу және т.б.