No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалуда – сенат спикері

01.06.2023
Жаңалықтар
Фото: aikyn.kz
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспановтың айтуынша, ондай аймақтарды құруға ел бюджетінен 450 миллиард теңгедей кетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша сол ақшаның 360 миллиард теңгесі салық ретінде түсті.

«Арнайы экономикалық аймақтарда Қазақстанда бұрын шығарылмаған тауарлар өндіріле бастады. Жалпы осы уақытқа дейін шығарылған өнім сомасы 7 триллион теңгеден асып отыр», – деді Әшімбаев.

Сенат спикері болса, вице-спикердің сөзіне күмән келтіріп, жоғары аудиторлық палатаның есебін алға тартты.

«Мәселен, Атырау қаласында ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі бар. Істеп тұр дейсіз, ал жоғары аудиторлық палатаның мәліметі бойынша соңғы жылдары осы арнайы экономикалық аймаққа 162 миллиард теңге салынды. Бірақ 2013-2020 жылдар аралығында 16 миллиард теңгенің салығы ғана төленді. Сонда мемлекет өзі салған ақшаның 10 процентін ғана қайтарып отыр», – деді Әшімбаев.

Ол экономикалық аймаққа қыруар қаржы салынса да, инфрақұрылымы 17 процентке ғана жасалғанын жеткізді. Демек, 80 проценті әлі дайын емес.

Спикердің айтуынша, бір қызығы, инфрақұрылымға шетелдік қаржыны тартуға болатын еді. Бірақ қаржы тағы квазимемлекеттік саладан, яғни, өзімізден алынған.

Әшімбаев 15 маусымда бюджет шығындарын қарау кезінде осы және тағы басқа мәселелерді көтеруді тапсырды.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Сақтандыру мәдениеті дегеннен хабарыңыз бар ма?

20.01.2023

«Талибан» Иранға соғыс жариялады – БАҚ

28.05.2023

Спортшылар мен жаттықтырушылар өмір бойы қаржымен қамтамасыз етілуі мүмкін

14.04.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа