17 мамыр – президенттің туған күні. Биыл ол 70 жасқа толады.
«Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды», – деп мәлімдеді оның баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
Тоқаев 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұл күні президенттің Қытайға мемлекеттік сапары басталады.