No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Климаттың өзгеруі ауыл шаруашылығы секторына қалай ықпал етеді?

30.11.2022
Жаңалықтар, Айна
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы инфрақұрылымының 80 пайыздан астамы ескірген. Мұндай дерек ашық талқыға шығарылған Қазақстанның 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы стратегиясының құжатында келтірілген.

«Ауыл шаруашылығы секторы климаттың ықпалына бейім. Климаттың өзгеруі Қазақстандағы жауын-шашын мен биомдардың құрылымына ықпал етеді, экстремалды ауа райы құбылыстарының жиілігі мен қарқындылығы артады, орташа температура жоғарылайды және суаруға арналған судың қолжетімділігі төмендейді. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығына ұлттық су тұтынудың 3/2 тиесілі. Климаттың өзгеруі көптеген дақылдардың және барлық дерлік аймақтардың өнімділігінің өсуіне теріс әсер етуі мүмкін.

Ауыл шаруашылығын дамыту басты басымдықтардың бірі саналады. Өйткені, ол жұмыспен қамтуда, әсіресе ауылдық жерлерде, сондай-ақ әлеуметтік және азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты маңызды рөл атқарады. Алайда, қаржыландыруға қолжетімділіктің шектеулі болуы көптеген фермерлерге өнімді және тұрақты ауылшаруашылық секторын дамытуға кедергі келтіреді. Ауыл шаруашылығы инфрақұрылымының 80%-дан астамы ескірген. Қазіргі уақытта Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жерлерінің тек 1%-ы ғана органикалық ауыл шаруашылығына бөлінеді», — деп көрсетілген құжатта.

Ел Үкіметі ұсынған Стратегия құжатында аталған мәселелерді шешудің бірнеше жолы көрсетілген. Оның бірі – ауылшаруашылық қалдықтарынан биоэнергия өндіру әлеуетін барынша пайдалану. Тиісінше биогазды жылу және электр энергиясын өндіруде қолдану жоспарланып отыр. Оның нәтижесінде ауаға бөлінетін парниктік газ қалдықтарының көлемі азаяды. Сонымен қоса, егін шаруашылығын дамытуда климаттың өзгеруіне тез бейімделетін дақылдарды енгізу көзделеді.

Тоқтала кетсек, бекітілуі мүмкін Стратегияның мақсаты – тиімді әрі төмен көміртекті даму моделін құру, балама көздерді енгізу. Атап айтқанда, қазба энергия ресурстарын жағу көлемін азайтып, тиісінше тиімді технологияларды қолдану. Ол үшін қалалар мен өңірлерге және түрлі бизнес салаларын қоса алғанда, экономикаға жасыл инвестицияларды тарту жоспарланған. Құжатта көрсетілгендей, аталған жұмыстарды кезең-кезеңімен орындай отырып, еліміз 2030 жылға қарай ауаға бөлінетін парниктік газ қалдықтарын 15 пайызға төмендетеді. Ал 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізеді.

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Сақтандыру компаниясын таңдау кезінде неге назар аудару керек?

20.01.2023

Әйелдерге арналған 6 кәсіп

17.10.2022

Оралдағы кәсіпкер өлімі: күдіктілер ұсталды

08.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа