Кейбір дүкендер мен базарларда сөреге қойылған азық-түліктің бағасы жазылмай тұрады. Ал кей жағдайларда бағасы жазылып тұрғанымен, кассаға келгенде сатушы оның қымбатырақ екенін айтып жатады. Бұның қаншалықты заңды?- Kazbusiness.kz
Аталған сауалға Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің өкілдері төмендегідей жауап берді:
“Тауарларда баға белгілерінің болмауы – тұтынушылардың құқығын бұзу. Аталған құқық бұзушылықты жасағандар ҚР Сауда қызметін реттеу туралы заңнаманың 193-бабының 4-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 6 АЕК (20 700 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 10 АЕК (34 500 теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30 АЕК (103 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады”
Ал сатушының азық-түлікті көрсетілген бағадан қымбатырақ сатуы – “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” заңның 24-бабын өрескел бұзу. Осындай жағдайға тап болған өңір тұрғындары Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне шағымдана алады.