No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Halyk Homebank қосымшасында «Халық-Қазына» бағдарламасы іске қосылды

өҚосымшадағы өмірді сақтандыру бағдарламасын «Халык-Life» АҚ ұсынған. Аталған сақтандыру ағымдағы жылы 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енген. Мұның бір артықшылығы Халык-Life сақтандыру Компаниясында валютаның максималды табыстылығы 3,52% дейін жетуі болып табылады.

15.09.2022
Жаңалықтар, Керек-дерек
5
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Халық-Қазына» өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламасы валютадағы депозиттерге үздік балама болып табылады. Бағдарлама сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін не сақтандыру оқиғасы басталған кезде өтеу түрінде төленетін валютада жылдық 3,52% – ға дейінгі мөлшерде инвестициялық табысқа кепілдік береді. Сақтандыру жарнасының ең төменгі мөлшері теңге баламасында 1 000 АҚШ долларын құрайды.

Енді, «Халық-Қазына» бағдарламасы бойынша өмірді сақтандыру полисін Halyk Homebank қосымшасы арқылы небәрі 5 минут ішінде ресімдеуге болады.

Ол үшін Банк қосымшадағы «Сақтандыру» бөліміне кіріп, «Халық-Қазына» жинақтаушы сақтандыру» бағдарламасын таңдау қажет.

Бөлімде: сақтандыру шарттарымен танысуға, сақтандыру параметрлерін белгілеуге, сақтандыру жарнасын төлеуге және «Халық-Қазына» өмірді сақтандыру полисін ресімдеуге болады. Полисті ресімдегеннен кейін сақтандыру шарты 24/7 тәртібінде әрекет ету мерзімі ішінде «Шарттар» бетінде көрсетілетін болады.

«Егер де бұрын клиент сақтандыру шартын жасасу үшінбайланыс орталығына немесе компания менеджеріне қоңырау шалып, жүгінген болса, бүгінде кез келген адам Halyk Homebank қосымшасы арқылы өмірді сақтандырудыңжинақтаушы полисін валютамен тез және оңай ресімдей алады. Бұл қызмет біздің клиенттеріміз үшін қарапайым, пайдалы және тиімді сервистерді ұсыну бойынша іс – шаралар шеңберінде іске асырылды», – деп атап өтті «Халық-Life» АҚ Басқарма Төрайымы Жанар Жұбаниязова.

Өмірді сақтандыру бағдарламасының маңызды ерекшелігі, егер сақтандыру мерзімі кезеңінде сақтандырылған клиент жазатайым оқиғадан, аурудан немесе кез келген себептен өмірден озатын болса, шартта сақтандыру төлемін алушылар ретінде көрсеткен тұлғалар, кепілдік берілген инвестициялық соманы қоса алғанда, сақтандырылған соманы толық көлемде бірден алады. Бұл ретте төлем сақтандыру мерзімі аяқталған немесе сақтандыру оқиғасы басталған күні Ұлттық Банк белгілеген «USD/KZT TOD» бағамына сәйкес теңгемен жүзеге асырылады.

Өмірді сақтандыру шартын 2 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге жасасуға болады. Бұл ретте өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасасу жолымен сақтандыру Компаниясына салынған қаражатты салық органдары, мысалы серіктестермен болған дауларда немесе ажырасу кезінде өндіріп ала алмайды. Бағдарлама бойынша толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады: https://www.halyklife.kz/kz/accumulation/halyk_kazyna

Анықтама үшін: «Халық-Life» АҚ – «Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша Қазақстан Халық Банкінің еншілес компаниясы» АҚ 2005 жылы құрылған. Компанияның меншікті капиталы 47,6 млрд теңгені құрайды. Компанияның қаржылық тұрақтылық рейтингісі «B+» деңгейінде және кредиттік рейтингісі «bbb-» деңгейінде, өмірді сақтандыру бойынша барлық қазақстандық компаниялар арасында, АМ Best халықаралық рейтингтік агенттігінен ең жоғары болып табылады. «Халық-Life» АҚ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ қатысушысы болып табылады. Оның жалғыз акционері Қазақстанның ең ірі банкі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына Лицензиясы 2006 жылы берілді. Лицензия компанияның бас кеңсесінің мекенжайының өзгеруіне байланысты 04.11.2016 жылы №2.2.41 жаңартылды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Кәсіпкерлер дәріге таңба енгізугді кейінге қалдыруды сұрайды

09.11.2022

Қостанайда саяжай иелері жер телімдерін сот арқылы қорғап қалды

08.12.2022
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

28.08.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа