Өткен аптадағы Қазақстан бойынша орын алған қылмыстық жағдайлар саны 2800-ден асты деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Бір апта ішінде 2839 қылмыс жасалды, оның 1701-і тәулік ішінде ашылды, – деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған министрлік өкілі.
Айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» бірнеше қылмысты әшкерелеген.
Тәртіп сақшылары «ізін суытпай» 4 кісі өлтіруді, 2 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 43 тонау және 388 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, – деді Шұғыла Тұрлыбек.