Италияның Эмилия-Романья аймағында су тасқыны орын алып, салдарынан елде “қызыл режим енгізілді деп хабарлайды Kazbusiness.kz.
Сенбіде Равенна аймағында құтқару тікұшағы апатқа ұшыраған. Соның кесірінен екі ұшқыш ауыр жарақат алды.
Билік маңызды инфрақұрылым нысандарының айналасында су тасқынына қарсы тосқауылдар тұрғызып, өзен жағалауларын нығайтуда.
Италия премьер-министрі Джордж Мелони осы мәселелерді қолға алу үшін Хиросимадағы “Үлкен жетілік” саммитінен ерте кетуге мәжбүр болды.
Су тасқыны қаупі Италияның солтүстігінен оңтүстікке қарай жылжиды. Калабрияда “қызғылт сары” деңгейі жарияланды, онда бұқаралық іс-шаралар тоқтатылады.
Ауыл шаруашылығына орасан зор шығын келді. Үкімет басшысы Джорджа Мелони G7 саммитінен орала сала осы өңірге бет алды.
Су тасқыны болған аудандарды аралап жүрмін. Мені адамдардың табиғат апатына мойымай, оның салдарын жоюға күш салып жатқаны таңғалдырды. Біз жапа шеккен тұрғындарға барынша қолдау көрсетеміз, – Италия премьер-министрі Джорджа Мелони.