2023 жылы елде балалар мобильді құрылғылар арқылы қандай қосымшаларға жиі кіргені белгілі болды, деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Қазақстандық балалардың жиі кіретін қосымшаларының топ-10-ға Roblox, Brawl Stars және Standoff ойын қосымшалары, Chrome браузері, Telegram мессенджері, Instagram әлеуметтік желісі және YouTube Kids кірді
«Касперский зертханасы» 2022 жылдың мамырынан бастап 2023 жылдың сәуірін қоса алғанда, Қазақстанда балалар қандай мобильді қосымшаларда көп уақыт өткізетініне талдау жасады. Бірінші орын YouTube-ке тиесілі болды. Оның үлесі ең танымал он қолданбада өткізген барлық уақыттың үштен бірін алып отыр. Екінші және үшінші орындарда WhatsApp (19%) пен TikTok (18%) орналасты. Қазақстандық көшбасшылар үштігі жалпы әлемдегі тенденциямен сәйкес келеді.
Сондай-ақ қазақстандық топ-10-ға Roblox (9%), Brawl Stars (3%) және Standoff (2%) ойын қосымшалары, Chrome браузері (6%), Telegram мессенджері (4%), Instagram әлеуметтік желісі (3,5%) және YouTube Kids (3%) кірді.
Сонымен қатар «Касперский зертханасы» қазақстандық балалардың iOS және Android жүйелеріндегі мобильді құрылғылардан қандай сайттарға кіргенін талдап, олардың ең қызығатыны мультимедиялық ойын-сауықтар екенін анықтады. Компанияның аноним** жүргізілген статистикасына сәйкес, олардың үлесі барлық ресурстың жартысына тең болған. Ең көп таралуы бойынша интернет-коммуникация құралдары екінші орында, олардың үлесі 27%. Үшінші орында ойындар екен: олардың үлесі шамамен 8%-ға тең.
Жұмыс үстелдері мен ноутбуктерден ең көп кіретін ресурстардың түріне келетін болсақ, бірінші орында интернет-коммуникация құралдары (38%), екінші орында мультимедиялық ойын-сауық (35%), ал үшінші орында – жаңалық ресурстары (7%) болды.
Жалпы әлемдік іздеу статистикасы көрсетіп отырғандай, балалар көбінесе YouTube-тен ойын-сауыққа, челлендждерге және лайфстайл видеоларына қатысты блогерлердің аттарын немесе арна атауларын іздейді (19%). Екінші орында — мультфильмдер, сериалдар және аниме (17%), үшінші орында — музыкалық орындаушылар мен ойын блогерлері (15%-дан астам). Мультфильмдердің көшін бастап келе жатқаны — «Леди Баг и Супер-Кот», фильмдерден — «Братья Супер Марио в кино», «Чёрная пантера: Ваканда навеки», «Рок дог 3: Битва за бит».
Балалар мобильді құрылғылардан видеоойындар ойнайтынын көріп отырмыз, бірақ олар бірнеше жыл бұрын бұл үшін компьютерлерді таңдайтын. Сонымен қатар біздің статистика бойынша интернет – олар үшін негізгі мүмкіндіктерінің бірі байланыс болып қала беретінін растап отыр. Балаларды қорғау күні үндеу жасағымыз келеді: желіде сөйлескен кезде абай болу, тым көп жеке ақпаратты жарияламау және өз логиндері мен құпиясөздерін ешкімге бермеуді үнемі ескертіп отырыңыз, — деп түсіндірді «Касперский Зертханасының» директоры Валерий Зубанов.