No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы қаласында ескі үйлер сүріле ме?

26.01.2023
Жаңалықтар, Әлеумет
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде ескі панельді үйлерді бұзуға қатысты пікірін айтты.

Әуезов ауданының тұрғыны қала әкімінен құрылыс кезінде қала тарихын сақтап қалуды сұрады.

«Егер қалада жаңа тұрғын үй салуға және тағы басқасына рұқсат берілсе орталыққа тиіспеңіздер, өйткені бұл біздің тарихымыз, алматылық ретінде мен үшін өте маңызды», – деді Алматы тұрғыны.

Өз кезегінде Ерболат Досаев тұрғынға ұсынысы үшін алғысын білдіріп, былтыр құрылысқа қатысты жаңа нормалар қабылданғанын атап өтті.

«2018 жылдан бастап қаланың нүктелі және тығыздығын шектейтін нормалар қабылданып жатыр. Жаңа жобалардың барлығы Алматы қаласының қала құрылысы кеңесінде қаралады. Орталықты қазіргі қалпында сақтаймыз десек, онда 1960, 1940 жылы салынған коммуникациялармен өмір сүріп жатқан адамдарды ұмытпауымыз керек. Біз тарихи келбетті барынша сақтауға тырысамыз, бірақ модернизация сөзсіз жүзеге асады, өйткені адамдар басқалар сияқты өркениеттің барлық игілігін қолданғысы келеді», – деді Е. Досаев.

Айтуынша, панельді үйлерді жаңарту мүмкін емес, оларды бұзу керек.

«Кезінде Алматы үй құрылысы комбинаты салған бұл үйлер тарих, бірақ оларды бұзу керек деп ойлаймын. Өйткені 25 жылдан астам уақыт бойы біз өскен ықшамаудандардағы панельді үй ұзаққа төтеп бере алмайды. Тіпті ол үйлердің қабырғасына дюбельді де қаға алмайсың. Қала жаңартылады, тарихи келбетін сақтаймыз, бірақ жаңарту бағдарламасы, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту толығымен жүзеге асады», – деді Ерболат Досаев.

Байланысты Материалдар

Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды

05.06.2023

ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

05.06.2023

Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

05.06.2023

Алматыда полицей әріптесінің қолынан қаза тапты

05.06.2023

Мемлекет ауылдардың дамуына 200 млрд теңге бөлді

05.06.2023

Алматы облысындағы мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылған

05.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Jusan Bank кәсіпкерлер арасында микроавтобус ойнатуда

22.11.2022

Қазақстанда егіс науқанына 140 миллиард теңге қарастырылған

11.05.2023

65 мың азамат 5 жылдан бері қарызын жаппай жүр

02.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды
  • ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
  • Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа