No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бас прокуратура Абай облысындағы өртке байланысты Ильин, Сүлейменова, Ұранхаев және Ахметовтен жауап алады

14.06.2023
Жаңалықтар
Фото: primeminister.kz
141
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

14 маусымда Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өртке қатысты қылмыстық істер жөнінде пікір білдірді. Ол салғырттық танытқандардың бәрі жауапқа тартылатынын айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Бас прокурордың орынбасары Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігімен («Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу») қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Президент бұл істі тергеуді Бас прокуратураға тапсырған. Ведомствоның арнайы қызметі тергеуді бастап кетті, құрамына «барлық құқық қорғау органдарының ең тәжірибелі, білікті тергеушілері мен жедел уәкілдері» енген ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды. Топ оқиға орнында, оны Бас прокурордың бір орынбасары басқарады. Іс Бас прокурордың жеке бақылауында.

«Сонымен бірге қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірген бұл қайғылы оқиғаның ауқымын, ең негізгісі – 14 орман шаруашылығы қызметкерінің қызметтік міндетін атқару кезінде қаза табуын ескере отырып, біз де лауазымды тұлғалардың салғырттығы бойынша қылмыстық іс қозғадық. Ал қазір бұл екі істі Бас прокуратура тергеп жатыр. Осы қылмыстық істі тергеу аясында өз міндеттеріне атүсті,  жауапсыз қараған, соның салдарынан өзіне жүктелген міндетті орындамауынан қайғылы жағдайға және азаматтарымыздың қаза табуына әкеп соқтырған барлық лауазымды тұлға анықталады», – деді Жандос Өміралиев.

Бұл ретте Төтенше жағдайлар министрлігінің экс-басшысы Юрий Ильин, Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов сынды шенеуніктердің әрекетіне әлі ешқандай баға берілген жоқ.

«Бірақ осы қылмыстық іс аясында барлық қатысы бар тұлғалар, лауазымды тұлғалар, қызметтік міндеттеріне қатысты тиісті шараларды қолданбай, соның салдарынан ауқымды өрт пен адам өліміне әкеп соқтырғандардың бәрі сөзсіз жауапкершілікке тартылады. Қазір шенеуніктердің әрекеті сараланған жоқ, тергеу енді басталды. Осы қылмыстық іс аясында жауапқа тартылатын адамдардың көбі, мұнда тек басшы қызметкерлер ғана емес, орта буын басшылары да бар, олар қазір өртті сөндіруге атсалысып жатқанын ескердік. Біздің басты мақсатымыз – өртті сөндіру. Сондықтан бұл күндері біз оларда алаңдатпаймыз, олардан міндетті түрде жауап алынады. Тергеу мерзімі –  екі ай», – деді ол.

Еске салайық, 2023 жылғы 8 маусымда Абай облысының «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орман өртеніп жатқаны хабарланды. Алапат өрт салдарынан 15 адам қаза тапты.

Байланысты Материалдар

АҚШ-тағы егеменді байлық қорының жоспарлары бар, бірақ түпкілікті шешімдер қабылданбады, Ақ үйдің айтуы бойынша – Yahoo Finance

09.05.2025

iPhone Maker Foxconn Mitsubishi Motor EVS құру жоспарын жариялайды – BBC

09.05.2025

iPhone Maker Foxconn Mitsubishi Motor EVS құру жоспарын жариялайды – BBC

09.05.2025

Азия-Тынық мұхиты базарлары U.S. U.S. федералды резервінен кейін араласады

09.05.2025

Трамп қоректендірілген қорларды саяси байланыстырады, бұл тарифтерді кесуге итермелейді – саясат

09.05.2025

Қор биржасы Бүгін: Трамп-Қытайдың сауда үмітіне арналған Джонс митингі; Super Micro Tumbles – Инвестордың бизнесі күн сайын

08.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстан тұрғындары алаяқтарға 17 млрд теңге берген – Антикор

21.06.2023

Инфляцияның төмендемеуінің себебі қандай? Сарапшылар пікірі

16.11.2022

Алматы облысы: 2023 жылы ет өндіру көлемі 300 мың тоннаға дейін ұлғаймақ

27.01.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа