No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Jusan Bank активтері елімізге қайтарылды

13.06.2023
Жаңалықтар
5
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Jusan Bank активтері Қазақстанға қайтарылды. Бұл туралы Әділет министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды kazbbusiness.kz тілшісі.

«2021 жылы жоспарланған іс-әрекеттің салдарынан Jusan Bank және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы бірқатар ірі активті қамтитын Jusan тобы шетелдік құзыретке шығарылған болатын. Қазақстан Үкіметі іс жүзінде топқа бақылау жасаудан айырылып қалды. Қазақстан Әділет министрлігінің өзге де мемлекеттік органдармен бірге қабылдаған іс-шараларының нәтижесінде Jusan тобы еліміздің құзыретіне қайтарылды. Қажетті құжаттарға қол қойылды», – деп атап өтеді ведомстводан.

Министрлік мәліметінше, топ Үкіметтің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың бақылауымен Қазақстан заңнамасына сай жұмыс істейтін болады.

«Jusan Bank Қазақстанның білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыруға міндеттеме алды. Банк бұған дейін алған мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтарады. Мемлекет басшысының сыртқа шығарылған активтерді қайтару тапсырмасын жүзеге асыру жалғасады»,– делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.

Банктен мәлім еткендей, шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру.

Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң түрде жүзеге асыруды жалғастыруда.

«Біз қазақстандықтардың қаржылық және қаржылық емес қызметтер бойынша артып келе жатқан сұраныстарын қамтамасыз ете алатын заманауи цифрлық банкингті құру бойынша қабылданған стратегияны ұстанамыз. Өткен жылдың табысты нәтижелері және банктің ағымдағы қаржылық жағдайы өзіне алған барлық міндеттемелерді орындауға, соның ішінде мемлекет көмегінің бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтаруға мүмкіндік береді», – делінген Jusan Bank ақпаратында.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Ербол Қарашөкеев Жетісу облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына барды

10.10.2022

Қазақстандағы топ-5 туристік аймақ

27.02.2023

Ақша сізді жақсы көрсін десеңіз…

09.01.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа