Ұлттық еріктілер желісі Абай облысындағы орман өртке байланысты халықтан қанша қаржы жинай алғанын және қалай көмек көрсеткенін айтып берді деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Ұлттық волонтерлік желі Абай ауданындағы өртке байланысты қазақстандықтардың арқасында жиналған қаржылай қолдау көлемі туралы ақпарат берді.
“Барлық жұмсалған қаражат қолма-қол ақшасыз жіберіледі, сол үшін құжаттар рәсімделіп, кей кезде кешіктіріліп жатыр. Үлес қосқан барша қазақстандық азаматтарға алғыс білдіреміз”, – деді Ұлттық еріктілер желісінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк.
Қаржы толықтай жұмсалмаса да, ұйым ақшаның кей бөлігі қайда жұмсалғанына есеп берді.
Үш миллион теңге – азық-түлік, 800 теңге – азық-түлік жеткізу үшін 400 литр жанармайға, 78 мың теңге – Зил көліктері мен өрт сөндіру көліктері қосалқы бөлшектер алуға, 205 мың – құтқарушылар мен эвакуацияланғандар үшін техника алуға жұмсалды. Яғни кабель, қалта қуаттағыш алынған. Ал 45 мың теңгеге жуық ақша дәрі-дәрмектерге жұмсалды. Мұны еріктілер желісі QR код арқылы көру мүмкін екенін көрсетті.
Ұлттық еріктілер желісі Лидер.kz Семей, Клуб автолюбителей сынды еріктілермен бірігіп жұмыс істеуде. Қазіргі таңда өрт болған жерде 80-ге жуық ерікті жүр. Еріктілер желісі қажетті құжаттарды көрсеткен жағдайда басқа ұйымдармен бірге жұмыс істеуге дайын екендерін мәлімдеді.
Сонымен қатар көліктің майы мен отынды, ауа сүзгісін сатып алған.
“Ақша әлі толығымен жұмсалған жоқ. Біз құрбандардың отбасына бір реттік емес, толыққанды көмек беруді жоспарлап отырмыз. Балаларына депозит ашу ойымызда бар. Соның ішінде 15-орманшы Архиповтың отбасына, әлбетте, көмек көрсетіледі”, – деді Ұлттық еріктілер желісінің өкілі.
Бір күннен соң қызметкерлердің өлшемдері алынып, 400 мыңға өрт сөндіру қызметкерлеріне арнайы киім және аяқ киімдер алынды.