No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Дара кәсіпкер

“Қайрат” индустриалды аймағында салынатын зауыт 1000 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

13.01.2023
Дара кәсіпкер, Жаңалықтар
10
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

2022 жылы облыстық әкімдік пен “Алматы тұрмыстық техника заводы” ЖШС екеуара меморандумға қол қойған еді. Келісім негізінде компания плита, кір жуғыш машина, теледидар, мұздатқыш, пеш, кондиционерлер мен кептіргіш шығару өндірісі арқылы өнім түрін кеңейту жоспарда.

Аталмыш ЖШС-ы DAUSCHER маркалы тұрмыстық техника өндірісін қолға алған.

Еске салсақ, Алматы облысы әкімдігі мен ЖШС 25,2 млрд теңгеге меморандумға қол қойған болатын. Кеңейтілген зауыт “Қайрат” индустриялық аймағында 60 гектар жерді алады деп күтілуде. Қазіргі уақытта өндірістің жобасы сызылуда.

Сондай-ақ Еуропадан құрал-жабдықтар, өндіріске арналған машиналар, формаға тапсырыс берілген. Одан бөлек техниканы құрастыруға қатысты тоттанбайтын темір, темір, алюминий, қорап сынды заттарды өндіретін отандық кәсіпкерлермен келіссөз жүргізіліп, келісімшарт шарттары пысықталуда. Оған қоса теледидар линиясы қосылып, бүгінде 1000 теледидар сатылымда.

“Біз Қазақстанның барлық өңірлеріне газ және электр плиталарын, кіріктірілген ас үй техникасын, тоңазытқыштарды, мұздатқыштарды, сорғыштарды, автоматты және жартылай автоматты кір жуғыш машиналарды, теледидарды және шағын тұрмыстық техниканың үлкен ассортиментін өте қолжетімді бағамен жеткізе отырып, бөлшек және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейміз. DAUSCHER техникасын дамытудағы ең маңызды идея – заманауи және адамдардың игілігі үшін заманауи және инновациялардың күші”, – дейді ЖШС директоры Абулқасым Сойырқас.

Қазіргі уақытта зауытта 100 адам жұмыс істеуде. Құрылыс жұмыстары 1-2 жыл көлемінде аяқталады деп күтілуде. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін жалпы саны 1000 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.

Шағын пештерді, кір жуғыш машинасын жинақтайтын өндірістік линиясының құрылысы да жүргізілуде.

Айта кетейік, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия сынды мемлекеттерге даушер техникасы экспортталады.

 

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Робот қызмет көрсететін сүт фермасы туралы білесіз бе?

10.10.2022

Инвестор нені білуі тиіс?

24.01.2023

Елімізде Нұрсұлтан Назарбаевты қорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік алынбақ

31.05.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа