Қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің Грузияда қаза тапқанына қатысты мәліметтер пайда болды деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Грузия ІІМ Кахетия полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Г.Х. Төлегенді қасақана өлтірді деген күдікпен ұсталды.
Қасақана өлтіргені дәлелденсе, күдікті 10-15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес Сагареджо муниципалитетінде күдікті жанжал барысында өзінің бұрынғы танысы – қазақстандық Жанбота Төлегенді қолындағы өткір емес затпен ұрған. Салдарынан ауыр соққыдан әйел қаза болған. Ресми деректер бойынша күдікті қылмысын жасыру мақсатында әйелдің денесін суға лақтырып жіберіп, қылмыс орнынан бой тасалаған. Құқыққорғау органдары күдіктіні ұстады. Қасақана адам өлтіру фактісі бойынша Грузия Қылмыстық кодексінің 108-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде, – делінген хабарламада.