No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісудың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда өңдеу ісіне басымдық беріледі

Жетісу облысының агроөнеркәсіптік кешеніндегі басты міндеттердің бірі – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу. Осы орайда өңір экономикасына Ескелді ауданының қосатын үлесі елеулі. Мұнда негізінен дәнді, майлы дақылдар, жем-шөп, картоп, қант қызылшасы және басқа да дақылдар өсіріледі. Соған қарамастан өңдеу ісін жан-жақты дамыту әлі де кемшін. Осы бағыттағы жұмыстармен бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ескелді ауданына барған сапарында танысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

02.07.2022
Жаңалықтар
9
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Өңірдегі ірі шаруашылықтардың бірі – «Хильниченко и К» командиттік серіктестігі. Оның құрамында тауарлы сүт, қой және жылқы фермалары, көкөніс сақтау қоймасы, өңдеу цехы және басқа да шаруашылық нысандары бар. Кәсіпорын өз астығынан ұн шығарып, одан макарондар, түрлі нан өнімдерін дайындайды. Мұнда еттен 10 түрлі өнім шығарылады, соның ішінде шұжық, жартылай дайын тағамдар да бар. Ал сүтті толығымен «ФудМастер» компаниясына өткізеді. Жалпы кәсіпорынның өнімдері негізінен аудандағы ауыл дүкендеріне төмен бағада сатылады, мәселен, 500 г рожки 90 теңге тұрады. Алдағы уақытта ірімшік өндіретін цех ашу жоспары бар.

Командиттік серіктестік төрағасының орынбасары Александр Хильниченконың айтуынша, Алатау тұқымды бір бас құнажыннан жылына 5726 литр сапалы сүт сауылады. Мәселен, жазғы кезеңде сүттің майлылығы 4%-ға, ал қыс мезгілінде 5% жетеді. Қазір тағы бір тауарлы сүт фермасының құрылысы аяқталуға жақын. Оған кәсіпкер жеке қаражатынан 350 млн. теңге салған, сүт сауатын жаңа технология орнатылған. Қазір фермада 102 аналық бас бар, күзге дейін бұл мал басы 205-ке жеткізіледі. Кәсіпорын желтоқсанға қарай толық қуатына шығып, 22 жұмыс орны ашылады.

Бейбіт Исабаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығында тәжірибесі мол «Хильниченко» КС-ның бақ шаруашылығын дамытуға да мүмкіндігі жетеді.

– Жаңа технологияларды енгізуге ниетті ірі инвесторларға өздеріңіздей іскер, жермен жұмыс істей алатын адамдар керек. Сіздердің осы салада жылдар бойы жинақтаған білім мен тәжірибелеріңіз қоғам үшін пайдалы. Бұл ауданның табиғаты бақ өсіруге қолайлы. Сондықтан осы бағытта бастама жасап, өсіру мен өңдеуді қатар қамтитын толық цикл құру керек. Бұл бюджет түсімін молайтып, тұрақты жұмыс орындарының ашылуына оң ықпал етеді, – деді Б. Исабаев.

Өз кезегінде А. Хильниченко кәсіпорынның ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын екенін айтты: «Қазір бір интенсивті бақ өсіруге бастама жасап жатырмыз.  Әзірге 1800 көшет, яғни алманың бес сорты, алмұрттың екі сорты, абрикос пен қызыл шие отырғызылды. Осы бағыт бізді қызықтырып отыр, сондықтан оны одан әрі дамытамыз, сіздің ұсынысыңызды қарастырамыз», – деді ол.

Аудан қант қызылшасын өсіруде алдыңғы орында. Бейбіт Исабаев қызылшамен айналысатын шаруашылықтардың бірі «Дүйсенбинов А. К.» шаруа қожалығына да барып көрді. Өткен жылы мұнда 400 гектардан 25 мың тонна өнім алынған.

– Қызылшаның еңбегі ауыр, шығыны көп, бірақ табысы жақсы. Осы дақылдың арқасында бір маусымда 100 адамды жұмыспен қамтимыз, лизингіге алынған ауыл шаруашылығы техникаларының төлемін өтеп отырмыз. Қызылшадан бөлек бидай, соя себеміз, мал өсіреміз. Субсидия аламыз. Екі жүз басқа арналған тауарлы сүт фермасын салуға қаржы құюға дайынбыз, онда өңдеу ісін де қолға аламыз. Өзімізде мал азығы бар, сондықтан қиындық болмайды. Тек суармалы су жағынан кейде қиналып қаламыз. Әзірге су айналымының арқасында жұмысты жалғастырып отырмыз, – деді шаруашылық басшысы Айдын Дүйсенбинов.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қант қызылшасының егістігі 60 мың гектарға дейін ұлғайтылады-АШМ

18.07.2022

Қыздарға арналған 6 кәсіп

21.01.2023
фото: ашық дереккөз

Tanda.enbek.kz порталында жиі түрде вакансия жәрмеңкелері ұйымдастырылмақ

14.08.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа