No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақтөбеде мектептің есепшісі жыл бойы өзіне 200 миллион теңге аударып келген

25.06.2023
Жаңалықтар
526
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ақтөбеде жергілікті мектептердің бірінің бухгалтері күн сайын оқу орнының ақшасын өз шотына аударып отырған. Осылайша жүздеген миллион теңгедей жымқырып келген, деп хабарлайды kazbusiness.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Антикор оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықты елдің әр аймағында анықталуы мүмкін деп мәлімдеді.

Білім беру саласына мемлекеттік бюджетті жұмсаудың барлық әлеуметтік баптарының үштен бірі бөлінеді. Сәйкесінше ең көп жемқорлық фактілері – осы салада. Соңғы бірнеше жылда осы салада жемқорлық бойынша 143 адам сотталды. Мемлекетке келтірілген шығын – 11 миллиард теңге. Бұл соманың жартысы өтелген.

Ақтөбеде оқу орнының қаржы қызметкері бір жыл ішінде өзінің шотына 200 миллион теңге аударған, Алматыда да қалалық мектептердің бірінің бухгалтері 193 миллионға жуық ақша ұрлаған.

«Жымқыру фактілері анықталған объектілер бойынша мемлекеттік аудит органдары бұрын тексерулер жүргізген, бірақ қандай да бір себептермен мұндай заңбұзушылықтарды ешкім байқамаған. Кеше ғана Алматы облысының тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы ұсталды. Ол пара алғанын мойындады және қазір айыпталып жатыр», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали.

Сарапшылардың айтуынша, сыбайлас жемқорлықты тоқтатуға болады. Өлген адамдардың жалақысын аудару қылмысын барлық мектептерде Face-ID жүйесін орнату арқылы шешу керек дейді. Мектептегі бухгалтерлік есеп жүйелерін Оқу-ағарту министрлігінің базаларымен біріктіру білім беру саласын басқа сыбайлас жемқорлық схемаларынан арылтуға көмектеседі.

«Білім басқармасы бұл бастамаларға қарсы шығады. Мен Face-ID жеткізетін нарық қызметкерлерімен сөйлестім. Олар білім басқармасы бұл нарыққа кіруге мүмкіндік бермейтінін айтты. Себебі білім басқармасының қызметкерлері мектептерде оқытушылар қатарында тұр. Олар уәкілетті орган, олар мектептерді бақылайды, тиісінше, бірде-бір директор оларға ештеңе айта алмайды», – деді «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов.

Жоғары аудиторлық палата да бұл жағдайға пессимистік көзқараспен қарайды. Олардың пікірінше, сыбайлас жемқорлық проблемалары министрліктер мен әкімдіктердің жауапкершілігінің болмауынан туындайды.

«Жалпы сипаттағы трансферттер ретінде берілетін ақша, яғни жергілікті бюджетке түсетін субвенциялардың иесі жоқ және ол жай ғана жергілікті бюджетке айналады. Өңір әкімдігі оларды кез келген мақсатқа жұмсауға құқылы. Тиісінше, жоғары аудиторлық палатаның өкілеттігі жоқ», – деді жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Наталья Годунова.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қонаев қаласында ШОБ үшін 28,2 млн теңге грант бөлінді

01.07.2022

Көк тиынсыз да кәсіп бастауға болады

22.07.2022

Қазақстандықтар криптовалюта туралы қайдан біледі?

10.02.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа