No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Zamzam Qazaqstan” компаниясы жалған визаға қатысты жауап беруден бас тартты

28.06.2023
Жаңалықтар, Kazbusiness, Әлеумет
298
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстаннан 21 маусым күні үлкен қажылық сапарға Меккеге аттанған 120 қазақстандықтың визасы жалған болып шықты. Турды сатқан “Zamzam Qazaqstan” компаниясы жауап беруден бас тартып отыр. Мүфтият болса бұл компанияға жүгінбеу үшін дабыл қаққандарын айтуда, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылыққа аттанған бір топ қазақстандықты алдап, жалған виза берген «ZamZam Qazaqstan» қажылық компаниясына қатысты пікір білдірді. Муфтият берген ресми ақпаратқа сәйкес, діни басқарма бұған дейін «Zam-Zam Qazaqstan» (заңды атауы Zam Zam store) компаниясының қажыларға қызмет көрсетуге қатысты тиісті лицензиясы, мүфтият жариялаған осы жылы ресми қажылық орындарын алған туроператорлар тізімінде жоқ екенін айттыі.

“Сондықтан аталған фирманың қызметіне мүлде жүгінбеу туралы бірнеше рет дабыл қағып, мәлімдеме жарияладық. Сонымен қатар мүфтият қажыларды осыған дейін алдап, далада қалдырған аталмыш «Zam-Zam Qazaqstan» компаниясының заңсыз әрекеттері туралы құқық қорғау органдарына шағым түсірді”,—деді ҚМДБ-ның баспасөз қызметі. 

Мүфтият компания жетекшісін жауапқа тарту керектігін атап өтті. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан азаматтарын заңсыз жолмен қажылыққа әкелген аталмыш компания жетекшісі Данияр Илиев заң алдында жауап беруі тиіс. 

“Қолдан жасалған қажылық визаларын пайдаланған аталған компания өкілдері шариғат пен заңға қайшы әрекеттерінен әлі күнге дейін тыйылмай келеді. Олар шариғат пен заңды белден басумен қатар “мүфтият қажылық квотасын сатады, пара алады” деп жала жабуын доғармай, енді ҚМДБ “жалған қажылық квоталарын” жасады деп жала жабуда”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, компания өз кезегінде, жалған құжаттарды жасап, заңсыз жолмен қажылыққа азаматтарымызды апарған аталмыш туркомпания директоры мен басқа да жауапты өкілдеріне құқықтық жауапкершілікке тарту бойынша неге тиісті шара қолданбайды деген сұрақтар мен шығымдар жәбір көрген қажылардан және олардың туыстарынан ҚМДБ-ға келіп түсуде.

Осыған орай Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының осы мәселеге назар аударып заң бұзушыларды құқықтық жауапкершілікке тарту бойынша тиісті заңды шаралар қолданады деп күтуде. Бұдан бөлек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылыққа барғысы келетіндерге ескерту жасады.

«Қажылық конкурсынан өткен, яғни қажылық сапарын ұйымдастыруға қабілетті деп танылған, мүфтият жариялаған тізімге сай туроператорлар қызметіне жүгіну қажеттігін тағы да қаперге саламыз», – деді ҚМДБ.

Еске салайық, бұған дейін қажылыққа аттанып, алданып қалған қазақстандықтар редакциямызға хабарласып, шағым түсірген еді. Олар Сауд Арабиясының полицейлері Мекке қаласына автобуспен аттанғандардың құжаттарын тексеру барысында заңсыз жасалған визаны анықтағанын мәлімдеді. Айтуыларынша, қазір 120 адам жырақта, өз тағдырларының не боларын білмей, тосып отыр.

Өз кезегінде аталған қажылық компания басшысы жәбірленуші тараптың айтқандарының бұрмаланғанын жеткізді.

“Ұсталған екі автобустағы қазақстандықтардың қолындағы жалған визаны мүфтияттағы қандай адам жасатқаны белгісіз. Бізді жығып салып отыр. Ұзақ зерттелуі керек мәселе”, – деді Данияр Илеев.

Полиция істі әлі тіркемегені және жәбірленуші тараптың арызын толық қарамағаны айтылды. Жағдайдың анық-қанығы әлі де нақтылануда. Оқиғаға қатысты тың ақпараттар қосымша хабарланады.

Байланысты Материалдар

Ресейдің экономика министрі елдің айтуынша, ел – Yahoo Finance Yahoo Finance

20.06.2025

Mega 16b парольдерін бұзу Крипто қауіпсіздік қорқынышын арттырады – Кокинтелрофа

20.06.2025

Трамп FRED STERSET-ті тұрақты түрде ұстағаннан кейін «кешікпей» -ге соғылды

20.06.2025

Чатгпе планета үшін керемет емес.Міне, AI-ді жауапкершілікпен пайдалану керек.- Washington Post

20.06.2025

Мереке жіңішкерленген сауда-саттықтағы фьючерстердің слипі – WSJ

20.06.2025

Майкрософт мыңдаған жұмыс орындарын бөледі.AI-дің еңбек нарығын қалай өзгерту керек.- Барронның

20.06.2025

Ұсынылатын материалдар

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2023» байқауы басталды

19.04.2023

Dems судың крипто есту маневріне бөлінеді – саясат

08.05.2025

Көлікті тез арада кепілдіктен қалай алып тастауға болады?

05.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа