Алматыда ер адам танысын аңшылық мылтықпен атып өлтірген, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Алматы қаласының полиция департаменті аңшылық шолақ мылтықпен өз танысын атып өлтірген 1991 жылы туған И. есімді күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
Алдын ала белгілі болғандай, екі ер адам арасында туындаған жанжал салдарынан біреуі қару қолданған.
Істің мән-жайы анықталуда.