No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Ұлттық қордан 18 жасқа толатын балаларға $160 төленеді

12.05.2023
Әлеумет
195
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Әділет министрлігі ведомствоаралық комиссияда Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер мәселесін талқылады. 2024 жылдан бастап жүзеге асырылатын механизмнің әзірлеушілері балалар қанша теңге көлемінде ақы алатынын мәлімдеді.

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев төлемдерді есептеу кейінгі 18 жылдағы орташа жылдық мәнге негізделетінін айтты.

“Неліктен кейінгі 18 жылда десеңіз, нарықтағы дағдарыс жағдайына байланысты, кейде Ұлттық қордың кірісі теріс мәнге ие болуы мүмкін. Бұл теріс мәнді өтеу үшін осындай ұзақ мерзім алынады. Бүгінде 2005-2023 жылдар аралығында орташа мән шамамен 2,6% болады, бірақ бұл шетел валютасындағы есеп. Қазір елде 18 жасқа толмаған 6,5 миллион бала бар, яғни 6,5 миллион адам ҚР Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің бір бөлігін алатынына сене алады”.- деді ол.

Орташа алғанда, егер бала 2023 жылы дүниеге келсе, әзірлеушілердің есептеулері бойынша, ол шамамен 3,5 мың доллар алады.

“Бұл Ұлттық қордың қазіргі есептеулеріне, алынған инвестициялық кірістің көлеміне және осы 18 жылдағы орташа табыс нормасына негізделген. Бұл – орташа мән. Егер Ұлттық қордың кірісі болашақта жоғары болса, 18 жаста жиналған бұл сома да жоғары болады”.

Жинақтау және төлеу механизмі 2024 жылдан бастап іске қосылады. Қазірдің өзінде 18-ге толған балалар 3,5 мың доллардан айтарлықтай аз ақша ала алады.

“Келесі жылы 18-ге толатын 260 мыңға жуық бала бар. Егер барлығын есептесек, Қазақстан бойынша олар шамамен 40 миллион доллар алады. Бұл 2,6%-ға тең. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым ол көп жинайды. Егер ол биыл дүниеге келсе, қаражаты жыл сайын есептеледі. Егер ол бүгін бес жаста болса, болашақта оның 13 есептеуі қалады. Ал бір балаға шаққанда 160-170$ төленеді.

Егер бала 18 жасқа толғанға дейін азаматтықты ауыстырып, елден кетсе, онда ол бұл төлемдерді алу құқығынан айырылады. Ал оның жинақталған ақшасы басқа балалар арасында біркелкі бөлінеді.

Егер бала 18 жасқа толғаннан кейін төлемді талап етпесе, сома оның зейнетақы шотына түседі. Егер бала қайтыс болса, онда бұл қаражатты алу құқығы ата-анасына өтеді. Бірақ олар қайтыс болған бала 18 жасқа толғанда ғана алады.

Механизмді әзірлеушілер ерекше балаларды сауықтыру және оңалту үшін төлемдерді жіберу мүмкіндігін қарастырды. Алайда бұл идеядан осы уақытқа дейін бас тартылды.

Байланысты Материалдар

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

ҰБТ-2024: Оқуға түсу үшін қанша балл жинау қажет?

09.06.2023

Астанада пара алды деген күдікпен полицияның рота командирі ұсталды

09.06.2023

“Стипендия жазда берілмейді”: министрлік пікір білдірді

09.06.2023

Министрлік Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар тізімін жариялады

09.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Әрбір қазақстандықтың 1 миллион АҚШ доллардай қарызы бар

14.02.2023

21 жасқа толмаған азаматтарға микронесие беруге тыйым салынуы мүмкін

17.04.2023

Елімізде 7 банк бөліп төлеуге арналған карталар шығарады

03.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
  • Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа