Астана қаласында 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдау үшін шағын несие беріле бастады, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауға тиіс.
Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейін жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесімен 5 жылға дейін кредит ала алады. Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.
Сондай-ақ микрокредит кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті. Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-анасын, туыстарын және тағы басқа) тартуға құқығы бар.
Жастарға микрокредит беру туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.
Микрокредит алуға өтініштер Аграрлық несие корпорациясының филиалында қабылданады. Мекенжайы: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 19/1, “Эдем” БО, анықтама телефоны: 8-701-006-16-38, колл-орталық 5353.