No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елордада сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспанаға құжаттарды қабылдау басталды

05.07.2023
Жаңалықтар
фото: ашық дереккөз

фото: ашық дереккөз

5
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Астанада көпбалалы отбасылар және халықтың әлеуметтік осал топтары санаттары үшін «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдана бастайды, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі Тұрғын үй орталығына сілтеме жасап.

Бағдарламаға Астана қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана кезегінде тұрған келесі санаттағы азаматтар қатыса алады:

1) Екінші дүниежүзілік соғыс (ЕДС) ардагерлері;

1-1) жеңілдіктері бойынша ЕДС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

4) кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

5) жасы бойынша зейнеткерлер;

6) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

7) қандастар;

8) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

9) көпбалалы отбасылар;

10) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

11) толық емес отбасылар.

Пәтерлердің жалпы саны:

– «Көпбалалы отбасылар» санаты үшін – 86 пәтер (тек 2 бөлмелі пәтер);

– басқа санаттағы «Халықтың әлеуметтік осал топтары» үшін – 24 пәтер:

2 бөлмелі – 3 пәтер;

3 бөлмелі – 21 пәтер.

Тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз жалға беріледі.

Нысандардың орналасқан жері (Астана қаласы):

– «Көпбалалы отбасылар» санаты үшін:

1. Н.Тілендиев даңғылы, 44а, 44, 44/2 үй;

2. Ш. Қосшығұлұлы көшесі, д. 6,

3. Е-767 көшесі, 11 үй,

4. Е-509 көшесі, 7 үй.

– «Халықтың әлеуметтік осал топтары» үшін:

1. Тілендиев даңғылы, 44, 44/2 үй.

Құжаттар 2023 жылғы 17 шілдеден бастап сағат 09: 00-ден 2023 жылғы 26 шілде сағат 23:59-ға дейін қабылданады.

Қабылдау тек qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы электронды түрде жүргізіледі.

Айта кетейік, құжаттарды кезекте тұрған кез келген азамат тапсыра алады. Алайда қатысуға өтінім бергендер арасында басқалардан бұрын кезекте тұрғандар өтеді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Көше кезген миллионер: ол кім?

12.12.2022

Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын жөндеу үшін 7,1 млрд теңге бөлінбек

18.02.2023
фото: ашық дереккөз

Елімізде орташа жалақы 365 502 теңгеге дейін өсті

08.08.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа