Алматы соты «Н» есімді азаматтың әскери бөлім бастығының бұйрығына бағынбағаны және орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы – Нұрасыл Болаттың әскери бөлімнен қашып кеткені хабарланған еді.
«Әскери бөлімнің қатардағы жауынгері Алматы гарнизонының гауптвахтасынан шыққаннан кейін командирдің бұйрығына бағынып, әскери бөлімге баруға міндетті болған еді. Бірақ ол бөлім командирінің бұйрығын орындаудан ашық бас тартып, көлікке отырып, белгісіз жаққа кетіп қалған», – делінген хабарламада.
«Сот қатардағы жауынгерді Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 652-бабы 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол 15 тәулікке қамауға алынды», – деп хабарлады соттан.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.