“Жас отбасы” бағдарламасында бағалау көрсеткішін 16-ға жеткізу міндетті емес, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.
Отбасы банкі Instagram парақшасында “Жас отбасы” тұрғын үй бағдарламасының шарттарымен таныстырды. Оған неке қиғанына әлі 5 жыл болмаған жас отбасылар қатыса алады.
Жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен ипотека рәсімдеу үшін келесі шарттарды орындау керек:
Отбасы банкінде депозит ашып, бір жылда алатын пәтер құнының 50 пайызы көлемінде қаржы жинау;
Осы уақыт аралығында бағалау көрсеткішін 5-ке жеткізу.
Ипотека рәсімдегеннен кейін екі жыл өткенде пайыздық мөлшерлеме 5 пайызға дейін төмендейді.
“Жас отбасы” бағдарламасының бір ерекшелігі – ерлі-зайыптылардың жасы мен отбасындағы бала саны маңызды емес. Сондай-ақ, пәтерді жаңа үйден де, не қолданыстағы үйден де таңдай алады. Оған қоса, жер сатып алуға не үй салуға несие рәсімдей алады.
Ипотека 6 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге беріледі.