Астана полицейлері балабақшалардың бірінде тәрбиешілерді мас күйінде ес-түссіз жатқан жерлерінен тапқан. Балалар ересектердің қарауынсыз қалған деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Астана полиция департаментінің мәліметі бойынша, балабақшадағы оқиға туралы ақпарат 4 шілде күні түскен.
“102” арнасына балабақшадағы тәрбиешілер ес-түссіз жатқаны, балалар қараусыз қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Келгеннен кейін полиция қызметкерлері деректі растады: педагогтер масаң күйде болған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Балалар ата-аналарына тапсырылды”, – деп хабарлады ПД.
Дерек бойынша Байқоңыр аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі “Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау” бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетіні айтылды.