Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер жылу электр орталығына жаңа инвестор тартылды, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.
«Риддер» ЖЭО АҚ мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта орталық қызметкерлеріне жалақы төлене бастаған.
«Алматылық жаңа инвестор бірнеше ай жалақы алмаған жұмысшыларға ақша төлеуде. Нақты айтқанда, еңбек ұжымы мамыр және маусым айларының жалақысын алды. Сондай-ақ жаңа инвестор кредиторлық берешек мәселесімен де айналысып жатыр», – дейді ЖЭО бас директоры Игорь Михайленко.
Айта кетейік, бүгінде Риддер жылу электр орталығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың шығыны мемлекеттік бюджет есебінен төленуде.