Кәсіпорын 2003 жылы жеке инвестициялар есебінен салынды және гипстен жасалған бұйымдар, құрғақ құрылыс қоспаларын, сондай-ақ мырышталған профильдер шығарады.
Қазіргі уақытта өндіріс 100% қуаттылықпен жұмыс істеуде.
Зауыт өнімдері ішкі нарыққа және таяу шетелдерге: Ауғанстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдеріне жеткізіледі. 2022 жылы жалпы өндіріс көлемінің 30%-дан астамы экспортқа жіберілді.
Әлихан Смайылов Үкімет құрылыс индустриясында жоғары технологиялық кәсіпорындар құруды белсенді қолдайтынын, бұл импортты алмастыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Шетелдік инвестицияларды тарта отырып, мұндай жобаларды іске асыру инвесторларды қолдау бағытында мемлекеттің сенімді көрсеткіші болып табылады. Облыс әкімдігі жаңа индустриялық жобаларды іске қосу үшін қолайлы жағдай жасауды одан әрі жалғастыруы тиіс», — деді ол.