No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын аударудың жаңа ережелері бекітілді

10.07.2023
Жаңалықтар
6
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Үкіметтің 2023 жылғы 3 шілдедегі қаулысымен Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеу (жинау), аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері бекітілді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Қағидалардың жаңа редакциясы Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне байланысты әзірленді.

Осылайша, жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға төлеуге жататын міндетті зейнетақы жарналары (МЖЗЖ) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап осы бапта белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі. Әлеуметтік кодекстің 251-бабы:

  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 % мөлшерінде;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 % мөлшерінде;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3,5 % мөлшерінде;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 4,5% мөлшерінде.
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5 % мөлшерінде.

Бұл ретте жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы табысы ең төменгi жалақыдан төмен болмауы және тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының 50 еселенген мөлшерiнен аспауы тиiс.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектілері келесілер:

  • заңды тұлғалар үшін – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданған қызметкерлердің, басқа да ақы төленетін (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) жұмысы бар адамдардың ай сайынғы табысы;
  • жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын дара кәсіпкерлер үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданған қызметкерлердің және басқа да ақы төленетін (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) жұмысы бар адамдардың айлық табысы;
  • Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне:
  • дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне – белгіленген ақшалай төлемдермен бөлу негізінде еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес лауазымдық жалақысының 100%;
  • дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне – Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық қызметі персоналының белгіленген ақшалай төлемдері бар балама лауазымы бойынша бөлінуі негізінде еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес лауазымдық жалақысының 100 %;

Бұл ретте, жеке практикамен айналысатын тұлғалар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер үшін – жұмыс берушінің олардың пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, олар алған кірістер есебінен жүзеге асырылады.

Жұмыс берушінің есептелген міндетті зейнетақы жарналары Мемлекеттік корпорацияға кіріс төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей аударылады.

Арнаулы салық режимдерін қолданатын төлеушілер үшін жұмыс берушінің есептеген міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде аударылады.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын агенттер банктер арқылы кейіннен БЖЗҚ-дағы шартты зейнетақы шоттарына аудару үшін Мемлекеттік корпорацияға аударады.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жеке тұлғалардың тізімі қоса берілген МТ-102 форматындағы төлем тапсырмасы бойынша аударылады.

Жаңа ережелер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ауыл тұрғындарына микрокредит беру үшін 2023 жылға 52 млрд теңге бөлінді

07.12.2022

“Ұлттық құрылтай”: Тоқаев Түркістанға жұмыс сапарымен барды

17.06.2023

Маңғыстау облысы тауық етінсіз қалуы мүмкін

20.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа