No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Білім алуға ақша қалай жинауға болады?

14.12.2022
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Білім беру салымы дегеніміз не?

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) — бұл азаматтарға болашақта Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ақы төлеу үшін пайдалануға болатын «AQYL» білім беру салымын ашуға мүмкіндік беретін бағдарлама.

МБЖЖ Қазақстанда 2013 жылдан бастап жұмыс істейді және оның операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады.

Жинақтау жүйесі — ең қызықты компонент. Мұнда көп нәрсе жинақтау мерзіміне де, мемлекеттік көмекке де, адамның өзіне де, оның жинақтарын көбейтуге деген дайындығына да байланысты. Білім беру депозитінің артықшылықтарының бірі — кез келген уақытта және кез келген мөлшерде ерікті жарналар салу мүмкіндігі.

Білім беру депозиті — бұл тиімді инвестиция, ол әдеттегі салымнан ерекшеленеді, оған тек банктік пайыздар ғана емес, сонымен қатар банктің сыйақысын ескере отырып, салымның барлық сомасына мемлекеттен 5% мөлшерінде сыйлықақы қосылады. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек балалар үшін мемлекет сыйлықақысы 7%-ды құрайды.

Білім беру депозитінің тағы қандай ерекшеліктері бар?

Білім беру салымы жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруге жатады. Бұл егер сіз осындай салымды ашқан банк лицензиясынан айырылса, онда ақша сізге міндетті түрде өтелетін болады, өйткені оларға Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік береді. Бұл ретте төлемнің ең жоғары сомасы 10 млн теңгені құрайды.

Білім беру депозиті арнайы шот болып табылады және ол үшінші тұлғалардың кез келген өндіріп алуларынан қорғалған. Оған тыйым салынбайды және ол бұғатталмайды.

«AQYL» сіз өз атыңызға да, баланың атына да аша аласыз. Ыңғайлысы, салымшы тек оқуға түскісі келетін және білім алып жатқан адам бола алады. Ең бастысы — қаражатты тек бакалавриат және магистратура бойынша оқу үшін пайдалану. Ал егер сіз немесе сіздің балаңыз грантқа оқуға түссе, онда жинақталған барлық соманы, оның ішінде банк сыйақысын және мемлекет сыйлықақысын ала аласыз, не болмаса қаражатты магистратураға төлеуге жұмсай аласыз немесе оны үшінші тұлғаның пайдасына аудара аласыз.

Ақшаны мерзімінен бұрын алуға бола ма?

Иә, мұны банктің сыйақысын сақтай отырып жасауға болады, бірақ бұл кезде мемлекет сыйлықақысы жоғалады, ол бюджетке қайтарылады.

 

МБЖЖ қатысушы банктердегі білім беру депозиті бойынша талаптар:

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) – 10 %-ға дейін;
Мемлекет сыйлықақысы – 5 немесе 7%;
7% – жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек, көп балалы отбасылардан және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін; 5% – Қазақстан Республикасы халқының қалған санаттары үшін.
Мемлекет сыйлықақысы банктің сыйақысын ескере отырып, жыл сайын салымның барлық сомасына есептеледі.

Білім беру салымын ашу үшін не қажет?

Бүгінгі таңда білім беру депозитін бүкіл ел бойынша бағдарламаға қатысушы 4 банктің: Халық Банкі, Нұрбанк, ВТБ Банк, Жусан Банктің кез келген филиалында ашуға болады.

Салымды тек екі құжатпен ғана ашуға болады: сіздің жеке куәлігіңіз және баланың туу туралы куәлігі. Депозитті мысалы, мобильді банкинг арқылы қашықтықтан толтыруға болады.

 

Салым ашуға арналған әрекеттер алгоритмі:

Қызықтыратын сұрақтар бойынша «Қаржы орталығы» АҚ-пен байланысу және қажетті консультация алу.
Салым ашу үшін банк таңдау. Егер таңдау жасалып қойған болса, онда бар болғаны шартқа қол қою мен бастапқы жарнаны енгізу қалды. Бірақ қол қоймас бұрын міндетті түрде шарт талаптарын оқып шығыңыз!
Мерзіміне орай қажетті соманы тезірек жинақтау үшін салымды жиі толықтырып отырыңыз. Банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықасын уақтылы алып отырыңыз.

Есте сақтаған маңызды:

1. Білім беру салымдары тек қана МББЖЖ-ға қатысушы банктерде ғана ашылады;

2. Салымдар теңгемен қабылданады;

3. Олар бойынша табыстылық стандартты банк салымдарымен салыстырғанда жоғарылау.

«Бай әке. Кедей әке» қаржылық бестселлерінде Роберт Кийосаки алғашқылардың бірі болып бай және кедей адамдардың ойлау жүйесіне назар аударады. Автордың ойынша, бай әке ақша геометриялық прогрессиямен өсетінін біліп, капиталды көбейту үшін қаржылық құралдарды еппен қолданады. Ал кедей әке ақша желілі түрде өсетініне сеніп, табысты көбейту үшін екі есе көп еңбек ету қажет деп санайды.

Ақша геометриялық прогрессиямен өсу үшін оны балалардың біліміне де салу қажет. Білім беру – ең үздік инвестиция!

(*Авторские права)
Источник: https://fingramota.kz/kk/post/bilim-alu-sha-alaj-zhinau-bolady

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Келешекте сайлау жәшіктері бюллетендердің автоматты есебін жүргізетін технологиямен жабдықталады

24.03.2023

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша мобильді топ жұмыс жасайды

30.08.2022

Өтеусіз грант алып үлгеріңіз!

10.02.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа